Тәулік ішіндегі трафик шығыны

Бұл бөлімде клиент құрылғылары тарапынан да, Басқару сервері тарапынан да деректер өзгермеген кезде, басқару жүйесінің "тыныш" күйдегі жұмысының бір тәулігіне шаққанда трафиктің шығыны туралы ақпарат келтірілген ( төмендегі кестені қараңыз).

Кестедегі деректер Kaspersky Security Center бағдарламасын стандартты түрде орнатқаннан және бағдарламаны жылдам іске қосу шеберін жапқаннан кейінгі желінің күйін сипаттайды. Клиент құрылғысының Басқару серверімен синхрондалу кезеңі 20 минутты құрады, жаңартуларды Басқару серверінің қоймасына жүктеп алу сағат сайын жүзеге асырылып тұрды.

Тыныш күйдегі бір тәуліктегі трафик деңгейі

Трафик ағыны

Мән

Клиент құрылғысынан Басқару серверіне дейінгі трафик, КБ

3235,84

Басқару серверінен клиент құрылғысына дейінгі трафик, КБ

64 378,88

Жалпы трафик (бір клиент құрылғысы үшін), КБ

67 614,72

Басына оралу